Қазақстан мен Германия құрылыс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауда
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Магдебург қаласында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов басқарған ҚР Үкіметтік делегациясы Германияның бірқатар кәсіпорындарының қызметімен танысып өтті, деп хабарланды pm.kz сайтында.
Делегация Қазақстандағы қолжетімді үй құрылысы үшін заманауи жабдықтар мен жоғары технологияларды қолдану саласындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылау бойынша келіссөздер өткен «Müller-Altvatter GmbH», B.T. innovation GmbH компаниясының үй салу комбинатының қызметімен танысып өтті.
Сондай-ақ С.Ахметов Саксония Федералдық жерінің Премьер-министрі Анхальт Райнер Хазелоффпен кездесті.
Түстен кейін қазақстандық делегация «Euroglas GmbH» компаниясының шыны зауытына барды. Мұнда тараптар германиялық «DTEC Engineering» компаниясымен бірігіп ҚР аумағында табақ шыны шығаратын алғашқы зауыт құрылысы мәселесін талқылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында республикада азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын жасап, іске асыруды тапсырды. Осыған байланысты, ҚР Үкіметі «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының жобасын жасады, оны қабылдау келесі айға жоспарланып отыр.