Қазақстан мен Германия - тағдырлас елдер - Р.Эппельман
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу аясында Р.Эппельман Қазақстан мен Германия елдерінің өзара тағдырлас екендігіне тоқталып, жаңаруға бет алған қазақ елінің бүгінгі саяси-экономикалық жетістіктеріне жоғары баға берді. «Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, 1989 жылы қазанның 9-ы күні неміс студенттері Кеңес үкіметінің диктатурасына қарсылық білдіріп, 70 мың адам болып көшеге шыққан болатын. Сол кезде халықтың күшін көрген Германияның басшылығы алғаш рет әскердің көмегінен бас тартуға мәжбүр болды. Ал 1953 жылы орын алған осы іспетті наразылық шерулері кезінде Кеңес үкіметінің танкілері адамдарды басып, еркіндікті аңсаған неміс жастарының күл-талқанын шығарған еді. Енді, қараңыз, 53-ші және 89-шы жылдардың аралығында неміс қоғамының санасы түбегейлі өзгерді. Содан бастап біз ұзақ әрі ауыр трансформацияны бастап өткеріп, саяси-экономикалық жаңарудан өттік. Байқап қарасақ, Қазақстан да осындай саяси төңкерістер арқылы бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткізіп отыр. Ал, ең бастысы, қазақ елі оған өз күшімен, өзінің талап-тілегімен жетіп, қазіргі жаңарудың жаңаша сатысына шығып отыр. Біз өз тарапымыздан Қазақстанға әрқашан қолдау жасауға даярмыз», - деді Р. Эппельман.