Қазақстан мен Германия университеттері бірқатар келісімге қол қойды
– Германияның беделді ғалымдарынан құралған делегацияны елімізге алып келгені үшін әріптесім Президент Штайнмайерге ризашылығымды білдіремін. Бірлескен жұмысты табысты атқару үшін қажетті жағдайдың бәрін жасаймыз. Біздің ынтымақтастығымыз, достығымыз және бір-бірімізге тілеулестік ниетіміз табысты боларына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ ректорлар форумында Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер сөз сөйледі.
Ол екі елдің жоғары білім беру, ғылыми зерттеу және студенттерді оқыту ісіндегі ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті.
Жиын аясында Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары арасында бірқатар келісімге қол қойылды.
Жалпы, ректорлар форумына 11 германиялық және 25 қазақстандық техникалық университеттің өкілдері қатысты.