Қазақстан мен Грузия өзара студент алмасуды қолға алуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Грузия басшысы Георгий Маргкелашвили студент алмасу мәселесін талқылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Грузиядан бізге тамақ өнімдері жеткізіледі. Соның ішінде шарап, көкөніс пен жеміс-жидек бар. Аталған өнімдер, әсіресе, Батыс Қазақстанға аса қажет. Біз осы саладағы әріптестік байланыстарды жалғастыратын боламыз. Екі елдің мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасы да жақсы. Оны да жалғастыра беру керек. Осы орайда біз өзара студенттер алмасу жайын қозғадық. Қазақстанның жастары Грузия университеттерінде, ал грузиялықтар бізде оқыса, жас ұрпақ қазіргі достық дәстүрімізді ары қарай жалғастыра алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен мәлімдемеге арналған баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия басшысы Георгий Маргкелашвилиді Ақордада қарсы алды. Шағын құрамда өткен кездесу кезінде Грузия президенті Георгий Маргвелашвили Қазақстанның қолдауы үшін өз xалқының ризашылығын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев болса, 90-жылдарды еске алды. Ал бірлескен мәлімдемеге арналған баспасөз мәслиxатында Мемлекет басшысы Жібек жолын Батуми арқылы болатынын мәлімдеді.