Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім мақұлданды

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы №7681-КЗ Қарыз туралы келісімге
None
None

(Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім хатты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Келісім хатта «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» жолының жаңа учаскесін іске қосуға қатысты өзгерістер енгізіліп отыр. Бұл ретте «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» автомобиль жолын реконструкциялау республикалық бюджеттен қоса қаржыландырыла отырып, ХҚҚДБ беретін үнемделген қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтың айтуынша, Қызылорда облысындағы осы жоба аясындағы жолдарды жөндеуде біршама қаражат үнемделген.

Үнемделген қаражаттың жалпы сомасы 360,2 млн. долларды, оның ішінде ХҚҚДБ заемы 360,1 млн. долларды құрайтын болады. Республикалық бюджеттен қарызды қоса қаржыландыру 54,1 млн. долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар