Қазақстан мен ХҚДБ арасындағы қарыз мәселесіне қатысты келісімхат ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс - Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы - Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.