Қазақстан мен Иордания сотталған адамдарды беру туралы келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін  Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы келіссөздерден кейінгі  бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгінгі таңда қатерлі құбылыстарға айналған терроризм, діни экстремизм және қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күрес жүргізу үшін екі елдің қауіпсіздік қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп жатыр. Бұл үшін біз ұлы мәртебелі Король мырзаға рахмет айтамыз. Соған орай бүгінгі сапар аясында бірнеше  келісімге қол қойылғанына куә болдыңыздар», - деді Қазақстан Президенті келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәлімдемесі барысында.

Айта кетерлігі,  Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеиннің Қазақстанға ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойылған болатын. Атап айтқанда, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов пен Иорданияның сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман ас-Сафади Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимит Корольдігі арасында Адамдарды ұстап беру туралы, Сотталған адамдарды беру туралы және Қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету туралы үш келісімді рәсімдеді. Мұнан бөлек, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен  Иорданияның сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман ас-Сафади Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимит Корольдігі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы, Терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорларының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге  қол қойды.

Соңғы жаңалықтар