Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім ратификацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім ратификацияланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.