Қазақстан мен Израиль озық технологиялар бағытында серіктес болуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекеті Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады.

Президент Израиль мемлекеті Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды. 

Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды.

Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады.

Президент Израиль мемлекеті Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады
Фото: Ақорда

 

Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар