Қазақстан мен Қытай арасында Транскаспий көлік бағытын дамыту келісімі ратификацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 

Транскаспийский маршрут
Фото: primeminister.kz

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір заңға қол қойды.  

Ол — Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай — Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының заңы.