Қазақстан мен Қытай бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқарманың басшысы Дон Баотонмен кездесу өткізді.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер Астана қаласында өтіп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын кеңейту мәселелеріне арналды.
Тараптар екі елдің реттеуші органдары арасындағы практикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Қазақстан тарапынан лицензиялау, қадағалау және техникалық сараптама секілді негізгі бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірілді.

Алмасадам Сәтқалиев қытайлық делегацияны Атом энергетикасы агенттігінің құрылуы және атом саласындағы қауіпсіздікке жауапты жаңа реттеуші орган – Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің құрылуымен таныстырды. Ол Қазақстанның халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ реттеу, экологиялық тұрақтылық пен ядролық қауіпсіздік саласындағы озық тәжірибеге бейімделіп отырғанын атап өтті.
Келіссөздер барысында атом электр станциясын салу жобасын іске асыру, ядролық отын циклі бағытындағы ықтимал ынтымақтастыққа, сондай-ақ ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.
Қазақстан тарапы АЭС жобасын іске асырудың барлық кезеңінде ядролық және су-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қытай тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты.
АЭС салуға дайындық аясында технология жеткізушілердің шорт-листі жасақталғаны атап өтілді. Бұл тізімге қытайлық HPR-1000 реакторлық технологиясын ұсынатын CNNC компаниясы да кірді.
Қытай делегациясының сапары екіжақты өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды кезеңге айналып, Қазақстан мен Қытайдың бейінді ведомстволары
Осыған дейін МАГАТЭ мамандары Астанада атом энергетикасы саласындағы лицензиялау мәселесін талқылайтыны туралы жаздық.