Қазақстан мен Корея арасындағы Балқаш ЖЭС-ін салуға қатысты келісім қабылданды - Парламент

қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан мен Корея Республикасының Үкіметтері арасындағы Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.
Еске салсақ, Балқаш электр стансасына қатысты келісімге Қазақстан мен Корея екі жыл бұрын қол қойған болатын. Соған сәйкес, акционер ретінде қазақстандық тараптан «Самұрық-Энерго» АҚ, ал корей тарапынан «Корея Электрик Пауэр Корпорейшн» мен «Самсунг Корпорейшн» кіріп отыр. Жобалық компаниялар Қазақстан заңнамасына сәйкес жеңілдіктер алуға құқығы бар. Жалпы осы келісім ағымдағы жылдың сәуірінде Парламентпен қабылданған еді.
Ал аталған Хаттамамен келісімнің 2 бабына өзгеріс енгізіледі, ол бойынша Үкімет жалпы тарифті, қаржыландыру ауқымын, стансаның жүзеге асырылу мерзімін анықтайтын болады. Корея Республикасы бұл хаттамаға қол қойған.
Жалпы, құжатты қабылдау Балқаш стансасын салу құрылысын бастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Келісімде қолданылатын терминдерді электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субьектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша сәйкестендіру үшін де өзгерістер енгізіледі.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.