Қазақстан мен Корея арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты бекітуді көздейтін заң жобасы қаралады

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 15-і күні, Мәжілісттің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы талқыға салынады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шартқа 2003 жылғы 13 қарашада Сеул қаласында қол қойылған. Шарт Қазақстан мен Кореяның құзыретті органдары арасындағы ақпарат алмасу және қылмыстарды тергеуде құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін белгілеуге бағытталған.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа сәйкес Тараптар бір-біріне қылмыстық істер бойынша бірқатар құқықтық көмек көрсетеді. Атап айтқанда, адамдардан айғақтар мен өтініштерді алу, ақпаратты, құжаттарды, жазбаларды, заттай дәлелдемелерді беру, тұлғаны немесе заттарды анықтау, құжатарды табыс ету, заттарды іздестіру мен тәркілеу бойынша сұрау салуларды орындау, қылмыстық тергеуде, айыптауда немесе сот талқылауда көмек көрсету, ұстау, айыппұл қолдану және қылмыстық әрекеттен кірістер мен қаражатты тәркілеу, сұрау салынатын Тараптың заңнамасына қайшы келмейтін басқа көмекті көрсетеді.

Осы шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар осы заң жобасымен тікелей байланысты «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы да жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылатын болды.

Соңғы жаңалықтар