Қазақстан мен Корея арасындағы соттан жалтарғандарды ұстап беру туралы шарт мақұлданды ? Мәжіліс

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы құжат уағдаласушы мемлекеттер арасында тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынып, жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мәселелерін ретейтін болады. Шартқа сәйкес, сұрау салушы тараптың ұлттық заңнамасына орай, ұстап беруге сұрау салынған адам өлім жазасына кесілуі мүмкін болса, ал екінші тараптың ұлттық заңнамасында мұндай өлім жазасы көзделмесе, онда сол адам ұстап беруден бас тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, екі мемлекеттің бір де біреуі осы шарт бойынша өз азаматтарын ұстап беруге міндетті болмайды. Бірақ, өз қалауы бойынша және егер де қажет деп есептесе қылмыскерді ұстап беруге өкілеттігі болуға тиісті. Осы шарт қабылданса, Қазақстан аумағында қылмыс жасаған адамға сот үкімін орындауға келтіру үшін Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген адамдарды беруге талап етуге негіз болады. Аталған шартқа Сеул қаласында 2003 жылғы қарашада қол қойылған. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар