Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында аптасына 2 тұрақты әуе рейсі жасалуда, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылды

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағыт бойынша аптасына 2 тұрақты рейс орындауды бастады» делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.