Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстерінің саны артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясының Алматы - Эль-Кувейт бағытындағы тұрақты рейстерінің саны артып, енді аптасына 2 емес, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 3 рейс орындалады, деп хабарлайды ҚР ИИДм баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Бұл шешім Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қабылданды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.