Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасы басқаларға үлгі болуы керек - Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының басты бағыттары және екі елдің бірлескен жұмысының алдағы перспективалы салалары талқыланды.

Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті.

- Елдеріңіз біздің жақын көршіміз әрі серіктесіміз болып саналады. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауға тиіс және қарым-қатынасымыз басқаларға үлгі болуы керек. Әлемдегі күрделі экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бірге болуымыз қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Э.Абдылдаев Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар