Қазақстан мен Қырғызстан құратын инвестициялық қор екі елдің бірлескен жобаларын жүзеге асыратын болады - К. Мәсімов

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан мен Қырғызстан арасында құрылатын инвестициялық қор екі елдің аумағындағы бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыратын болады.

Қазақстан мен Қырғызстан құратын инвестициялық қор екі елдің бірлескен жобаларын жүзеге асыратын болады - К. Мәсімов
Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші мәжілісінен кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бірлескен қазақ-қырғыз инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Мен мұны жақсы шара деп есептеймін. Бұл қор қазақстандық компаниялардың қатысумен Қырғызстан аумағында жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысы.Сонымен қатар, К. Мәсімов Қазақстанның индустриялық бағдарламасы мен дағдарысқа қарсы бағдарламасы Қырғызстанның экономикасымен ықпалдаса жұмыс істеуі үшін консультациялар жалғасатынын атап өтті. Премьер-Министрдің айтуынша, бұл бизнестің, кәсіпкерлердің тынысын ашуға, әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан туындап отырған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.