Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында заң бұзушылар тастап кеткен автокөліктер табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз шекара жасағының «Гранитогорск» шекара бекетінің жасағы кезекшілік кезінде иесіз қалған екі автокөлікті тауып алған. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында заң бұзушылар тастап кеткен автокөліктер табылды

Mercedes-Benz және Range Rover машиналары Қазақстаннан Қырғызстанға машина айдау кезінде табылған. Экономикалық контрабанданы жүзеге асырған белгісіз біреулер шекарадағы жасақты байқап қалып, автокөліктерін тастап, іргелес ел аумағына жасырынып қалған.

Тексеру барысында мемлекеттік шекараны бұзу белгілері - инженерлік қоршаудың механикалық зақымдалғаны анықталды.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.