Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы саяси ведомстволардың байланысын жандандырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қарашада Самарқанда Қазақстан және Қырғызстан сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ерлан Әбділдаев кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Сыртқы саяси ведомстволар басшылары өңірлік және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті тұстарын, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы интеграцияның көкейкесті мәселелерін талқылады.

Тараптар екіжақты Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынастарын нығайтуға екі тарап та мүдделі екенін және жиналып қалған сауда-экономикалық мәселелерді жылдам шешу қажеттігін атап көрсетті.

Министрлер екі елдің сыртқы саяси ведомстволары желісі бойынша байланыстарды жандандыруға келісті.

Қ. Әбдірахманов пен Е. Әбділдаев Самарқанда Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге арналған халықаралық конференцияға және кезекті «ОА - Еуропа Одағы» диалогына қатысу үшін барды.

Соңғы жаңалықтар