Қазақстан мен Қырғызстанның ұлттық құрамалары футболдан жолдастық кездесу өткізеді

АЛМАТЫ.  16 мамыр. ҚазАқпарат  - Алматыда 1 маусымда Орталық стадионда футболдан Қазақстан мен Қырғызстанның ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізеді. 
None
None

Бұл екі елдің аяқдопшылары арасында соңғы 20 жылдың ішіндегі алтыншы кездесу болмақ. Онда қазақстандықтар 3 рет басым түсіп, 2 рет тең түсіп,  доп айырмашылығы бойынша 6-1 есебімен қазақстандықтар алда келе жатыр.  

Жалпы Тәуелсіздік жылдары олардың тұңғыш жолдастық кездесуі 1992 жылы 26 қыркүйекте Бішкекте өтіп, есеп 1:1 есебімен аяқталған еді. Енді олар 2006 жылғы 6 шілдеде болған соңғы ойыннан кейін араға тура 6 жыл салып қайта кездеспек. Бұл матчты өткізу екі елдің футбол федерацияларының бас хатшыларының деңгейінде шешілген.  Қазақстан футбол федерациясының сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, бастаманың авторы ұлттық құраманың  бас бапкері Мирослав Беренек.  Мұрат Жұмакеев жаттықтыратын Қырғызстан ұлттық құрамасында Қазақстанның «Тараз» футбол клубында өнер көрсететін шабуылшы  Антон Землянухиннен өзге  ойыншыларының бәрі Қырғыз чемпионатында өнер көрсетеді. Бас бапкер М. Жұмакеев  құрама тізгінін 2011 мамыр айында ұстаған болатын.

Соңғы жаңалықтар