Қазақстан мен Қытай 2 млрд. долларлық «Жібек жолы» инвестициялық қорын құрды

«Қазіргі уақытта инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның ішінде негізгі бағыт - ірі қытайлық компанияларға үлкен мән беріліп келеді», - дейді Б.Жанғұразов.
Оның айтуынша, Инвестициялар комитеті, KAZNEX INVEST компаниясы және ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі үлкен жұмыс атқаруда.
«Биыл 20-28 қаңтар аралығында ҚР ИДМ басшысы Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация Бейжіңде болды, онда ірі компаниялармен 20-ға жуық кездесу өтті. Онда ірі инвесторларды елге тарту бойынша талқылаулар болды. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай арасында индустриалды-инвестициялық әріптестік бағдарламасы іске асырылып отыр. Бүгінде 24 млрд. долларға 52 жобаның тізімі бар. Ол бағдараламаға түрлі саладағы жобалар енген: агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен, химиялық өнеркәсіп, металлургия, машина жасау және тағы басқалары. Бұл бағдарлама әлеуеті жоғары жобалар портфеліне қарайтын болсақ, шамамен 19 мың жұмыс орнын ашады. Бағдарлама аясында трансұлттық корпорацияларды тарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр», - деді басқарма төрағасы.
«Осыған байланысты аталған жобаларды қаржыландыруды жолға қою үшін бірлескен «Жібек жолы» қоры құрылып отыр. Ол Қытай орталық банкінің бөлімшесі мен «KAZNEX INVEST» компаниясының келісімі негізінде құрылды. Жобаларды іздестіру және құрылымдау бойынша жұмыстарды қазақстандық «KAZNEX INVEST» компаниясы жүргізеді.
Жобаларды қорғайтын болады. Ал қаржыландыру бойынша нақты шешімді қытайлық тарап шешетін болады. Қордың жалпы капитализациясы 2 млрд. долларды құрамақ. Экономиканың түрлі салаларындағы, түрлі өңірлердегі жобалар қаралады», - деді Б.Жанғұразов.