Қазақстан мен Қытай БҰҰ ҚК аясында ынтымақтастықты талқылады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған Қазақстан делегациясы Бейжіңде өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясында қазақ-қытай СІМ-аралық ынтымақтастық туралы кеңеске қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.
«Қазақстан - Қытай үшін жақсы дос және сенімді серіктес. Тату көрші және жан жақты стратегиялық әріптес болған Қытай мен Қазақстан арасында жоғары деңгейлі саяси сенім орнаған. Біз бірлесе отырып экономиканы дамыттық, қауіпсіздік саласында қызмет жасасып келеміз және тығыз мәдени байланыс орнатудамыз», - деді кездесуде ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ли Баодун.
Өз кезегінде, Е.Ашықбаев кеңес 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстандағы жұмыс басталғанға дейін бір ай өткiзiлетінін атап өтті. Ол ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың атынан ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Иға арналып жазылған Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары жиналатын саммиттің дайындығы аясында өзіне ыңғайлы кез келген уақытта Қазақстанға келе беруі және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ЭКСПО-2017-ге қатысуы жазылған шақыртуды табыстады.
СІМ-аралық кеңес басталмас бұрын Ержан Ашықбаев, ҚР-ның ҚХР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев, қазақстандық дипломаттар мен «Цзиньтай» мұражайының қызметкерлері «Чаоян» Бейжің орталық паркіндегі Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ержан Ашықбаев бір күн бұрын дөңгелек үстелде Қытай қоғамдық ғылым академиясы Әлемдік саясат және экономика институтының сарапшыларымен кездесті. 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның болашағы талқыланды.