Қазақстан мен Қытай хат, сәлемдеме алмасуды тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚХР-дан сәлемдемелер мен хат жеткізу уақытша тоқтатылды. Өйткені қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан мен Қытай хат, сәлемдеме алмасуды тоқтатты

Автокөлік қозғалысына, әуе және темір жол қатынасына уақытша тыйым салынған. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары жұрттың үрейін қашырған коронавирус хат арқылы жұқпайды деп сендіреді.

Олар қауіпті індет адам ағзасында ғана сақталады, ал тұрмыстық заттар арқылы таралмайды деп отыр.