Қазақстан мен Қытай құрамаларының матчына билеттердің бағасы 5 мың теңгеден қымбат болып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 маусымда Dalian Sports Center стадионында Қазақстан мен Қытай құрамаларының футболдан жолдастық матчы өтеді.
V4.cc-дің жазуынша, Далянда өтетін Қытай мен Қазақстанның ұлттық футбол құрамаларының жолдастық матчына кіру бағасы ондағы орындарға байланысты, 100, 200 және 300 юань тұрады. Ойынды VIP орындардан көру 580 юаньға бағаланып отыр, деп жазады Sports.kz.
Осылайша, ҚР Ұлттық банкінің бүгінгі күнгі бағамына сәйкес, қытайлықтардың қазақстандықтармен ойынына билеттер бір данасы үшін 5 133, 10 266 және 15 399 теңгеге сатылып жатыр, VIP орын үшін 29 771 теңге төлеу керек.