Қазақстан мен Қытай өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы Қазақстан Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссары Чэн Гопинмен кездесті, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстан мен Қытай өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Кездесу  барысында өңірлік қауіпсіздік, лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес саласындағы екі елдің ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Халықаралық күн тәртібінің бірқатар мәселелері, атап айтқанда БҰҰ, ШЫҰ АӨЫСШ аясында Қазақстан мен Қытайдың өзара іс-қимылдары бойынша пікір алмасты.

3 

Чэн Гопин дипломатиялық қатынастың 25 жылында, екі мемлекет басшыларының күші арқасында екі жақтың қатынасы үлкен нәтижеге қол жеткізді. Ол осы жылға жоспарланған жоғары деңгейдегі сапарлар, екіжақты іс-шаралар, «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы, Қазақстандағы Қытайдың туризм жылын басты назарға алды. 

2 

Өз кезегінде Нұрышев екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік жаңа даму кезеңіне шыққанын атап өтті, оны мемлекеттер мен үкіметтер  басшылары деңгейіндегі тұрақты сапарлар, тығыз сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық көрсетеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Ш. Нұрышев Чэн Гопинге ҚР-дағы ҚХР Елшісі және ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары ретінде екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін табыс етті. 

4