Қазақстан мен Латвия арасында құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвияның Бас прокуроры Юрис Стуканспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Латвия арасында құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстандық-латвиялық қарым-қатынастар, құқық қорғау органдары арасындағы байланыстарды қоса алғанда, дәстүрлі негізде өзара сыйластық пен сындарлы ынтымақтастыққа негізделеді.

Екі елдің заң саласындағы өзара әрекеттестік мәселелерін талқылауға қоса Елші сұхбаттасушысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда саяси және әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар адам құқығын қорғау және заңдылықты нығайту салаларында жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ілгерілмелі және динамикалық дамуын оң бағалай отырып, оларды ары ғарай нығайтуға ортақ қызығушылықтарын растады.