Қазақстан мен Латвия құрамалары тең түсті

АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Түркияның Анталия қаласында Мирослав Баранек жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.
None
None

Ататүрік» сдадионында олар Александр Старков баптайтын латвиялықтардың қақпасынан саңылау таба алмай, 0:0 есебін  қанағат тұтты. Бұл ойында  Қазақстан қақпасын "ақтөбелік" Андрей Сидельников пен «жетісулық» Владимир Логиновский кезектесіп қорғады.   Қорғаныста  - «астаналық»Қайрат Нұрдәулетов,  Марат Шахметов, Ұлан Қонысбаев, Марк Гурман, «ақтөбелік» Юрий Логвиненко,  Марат Хайруллин,«шахтерлік»   Александр Киров,  «жетісулық»   Серікжан Мужиков  пен «тараздық»    Бауыржан Исламханмен Елдос Ахметовөнер көрсетті.Алшабуыл өтіне  Бас бапкер «астаналық»  - Таңат Нөсербаев,  Сергей Гридин, Сергей Остапенко, «ордабасылық» Дәуренбек Тажімбетов пен «шахтерлік» Сергей Хижниченконы салған болатын. Олардың арасында Б. Исламхан мен Е. Ахметовтың бұл ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуі болды. 

Жалпы 22 ақпанда басталған бұл жиынға М. Баранек 25 ойыншыны шақырған болатын. «Астаналық» Жамбыл Көкеев пен «тараздық» Нұртас Кургулин жарақатына байланысты бұл жиынға қатыса алмады.  Ал  «астаналық» Евгений Горячий мен «жетісулық»Алексей ЩеткинАнталиядақатар өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының  жиынына қосылды.   

Соңғы жаңалықтар