Қазақстан мен Литва заңсыз көші-қонға қарсы бірлескен іс-қимыл жасайтын болады - Сенат
Келісімге 2011 жылдың 16 қыркүйегінде Ригада қол қойылған. Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Латвия арасындағы екі мемлекеттің бірінің аумағына заңсыз келуді жүзеге асырған немесе заңсыз жүрген адамдарды кері қабылдауды оңайлату болып табылады. Қабылдайтын мемлекет берген жарамды ұлттық паспорты, жарамды визасы немесе болуға рұқсаты бар адамдарға қатысты реадмиссия туралы сұрау салуды талап етілмейді. Бірақ бұл ретте тараптардың құзыретті органдары мұндай адамның шығуына дейін жетпіс екі сағаттан кешіктірмей шығу күні туралы бір-бірін хабардар ететін болады. Екі ел реадмиссия туралы сұрау салуға жауапты алған күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс. Ал ондай жауап алынғаннан кейін адамдарды беру күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылатын болады. Тұтастай алғанда, аталған құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу туралы шартты бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көздейді. Келісімді ратификациялау халықаралық құқықтар шеңберінде заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Талқылаудан соң комитет заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.