Қазақстан мен МАГАТЭ-нің қарым-қатынастары жанданып келеді - Е. Қазыханов

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Атом энергетикасы халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) Бас директорының орынбасары Герман Наккартсамен кездесті.
None
None

 Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Е. Қазыханов Қазақстанның МАГАТЭ-мен қарым-қатынастарының жанданып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, еліміз бен агенттік әріптестігінің қарқынды дамуы ядролық қауіпсіздік аясындағы Вашингтон және Сеул саммиттерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның жүргізген келіссөздері, сондай-ақ, МАГАТЭ басшысының 2011 жылы Қазақстанға сапарлауы және «Ядролық қарусыз әлем үшін» форумына қатысуы сияқты оқиғалармен тығыз байланысты.

Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосының басшысы пікірлесін Мемлекет басшысының Ядролық қарусыз әлемнің жалпы декларациясын қабылдаудағы бастамаларымен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар