Қазақстан мен Молдованың ұлттық құрамалар арасында футболдан жолдастық кездесу өтеді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан мен Молдованың футбол федерациялары екі елдің ұлттық құрамалар арасында наурыздың 3-і күні Түркияда жолдастық кездесу өткізуге уағдаласты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚФФ Интернет сайтына сілтеме жасап.

Бұл Бернд Шторк жаттықтыратын ұлттық құраманың  2010 жылғы маусымдағы ең алғашқы жолдастық кездесуі болмақ. Жалпы екі елдің футболшылары бұған дейін де  2008 жылы ақпанның 6-сы күні Түркияның Анталия қаласындағы "Титаник" спорт кешенінде кездескен болатын. Ақпанның 1-12 аралығында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде  австриялық төрешілер қазылық еткен бұл ойында  бұрынғы бас бапкер Арно Пайперстен тәлім алған қазақстандық аяқ допшылар Николай Каланча қорғаған қарсыластар қақпасының кілтін таба алмады. Молдовалықтар сапынан кездесудің 10-шы минутында Александр Мокинді   қапы қалдырған  №10 Игорь Бугаев өз командасына жеңіс сыйлады. Бұл ойында ел намысын Александр  Мокин, Самат Смақов, Александр Кучма, Максим Жалмағамбетов, Қайрат Нұрдәулетов, Руслан Балтиев, Ұлықбек Асанбаев, Сергей Ларин, Андрей Карпович, Денис Родинов, Мұрат Сүймағамбетов, Сергей Остапенко, Нұрбол Жұмасқалиев және Дмитрий Бяков  қорғаған болатын.

Соңғы жаңалықтар