Қазақстан мен Моңғолия сотталғандарды беру туралы келісті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.