Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейсі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 1 шілдеден бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейс ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейсі ашылады
«Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп «Salam Air» әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады», - делінген хабарламада.