Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында әуе рейстері көбейеді

әуе
Фото: Азаматтық авиация комитеті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі келіссөз жүргізді. 

Қазақстан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесті.

Келіссөз нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.

әуе
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Келіссөз барысында бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеу алынып тасталды, бұл бәсекені арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

әуе
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады.

әуе
Фото: Азаматтық авиация комитеті

 

Соңғы жаңалықтар