Қазақстан мен Өзбекстан арасында кеден бекеттері ашық

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында кеден бекеттері ашық

Осы елдегі отандастарымызға құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.

Өткен тәулікте консулдық қызмет өкілдеріне 200-ден астам адам қоңырау шалған.

Көбі - қазақстандық студенттер мен туристер. Олар елшіліктен елге қайту және шекарадан өту талаптарын сұраған.

Қазір екі ел арасындағы кеден бекеттері ашық. Азаматтар кедергісіз өтеді.

Тек әуе қатынасы шектелді, ұшақтар Нұр-Сұлтанға ғана қатынайды.

Өзбекстандық әуе компаниясы Алматы, Ақтау және Ақтөбеге рейстерін кейінге шегерді.