Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың негіздемелік келісіміне қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың негіздемелік келісімі туралы Заңға қол қойды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың негіздемелік келісіміне қол қойылды

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.