Қазақстан мен Өзбекстан күн энергиясы үлесін арттыру мәселесін талқылады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат -Қазақстандық тараптың бастамасымен Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Үтембаев пен Өзбекстан Республикасы ғылым академиясының «Физика-Солнце» ҒӨБ физика-техникалық институтының директоры Нилуфар Авезова кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстан мен Өзбекстан күн энергиясы үлесін арттыру мәселесін талқылады

Кездесу барысында Нилуфар Авезова Самарқан облысындағы 100 МВт қуатты күн электр станциясының құрылысы бойынша жүргізілген жұмыстар және эниргиямен қамтамасыз етудегі күн энергиясы үлесін арттыруға бағытталған институт жобалары туралы айтты.

Сонымен қатар, 2018 жылы іске қосылатын ғылыми полигондағы 50 Га жер ауданын қамтитын күн энергиясын өңдеу және генерациялау жобасының перспектикалары да сөз етілді.

Бұған қоса, институт директоры Жапония, Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея және басқа да фотоэлектр панельдерін өндіруші елдермен бірлесе жинаған тәжірибесімен де бөлісті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат Қазақстан және Өзбекстанның ғылыми-зерттеу институттары арасындағы өзара әрекеттестікті, әсіресе «ЭКСПО-2017» көрме кешені базасында құрылған халықаралық жасыл технологиялар орталығы тұрғысынан жандандыру мүмкіндіктерін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстандағыдай Өзбекстанда да жаз маусымының ыстықтығы мен ұзақтығы күн энергиясын генерациялау саласында тәжірибе алмасу үшін тұрақты байланысты реттеуге мүмкіндік беретіндігіне база назар аударылды.

Өзбек институтының директоры Қазақстан тарапымен жаңа серіктестік орнатудың қажеттілігі жайлы ойларымен бөлісе келе, алғашқы қадам ретінде өзара әрекеттестіктің нақты нысанын анықтау үшін бірлескен семинарлар өткізуді ұсынды.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат Нилуфар Авезованы қазақстандық әріптестерімен жұмыс кездесулерін өткізу мақсатында Астана қаласына шақырды.