Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері арасында бизнес-форум өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі. 

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Форумға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов, көршілес елдің Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасы Даврон Вахабов және кәсіпкерлер қатысты.

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Іс-шарада сөз сөйлеген Қанат Шарлапаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарына тоқталды. Бүгінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі мемлекет арасындағы инвестициялық жобаларды іске асыру, сауда байланыстарын кеңейту және бизнес үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ықпалдастықты ілгерілетіп келеді.

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 16,2%-ға өсіп, 4,8 млрд долларға жетті. Ел экспорты 24,6%-ға артып, 3,52 млрд долларға теңелді. 2026 жылдың алғашқы бес айында өзара сауда көлемі 2,3 млрд долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,2%-ға ұлғайды, — деді Қанат Шарлапаев.

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Сондай-ақ, ол ынтымақтастықтың одан әрі ілгерілету үшін өндірістік кооперацияны кеңейту және бірлесіп дайын тауар шығару ісіне ерекше назар аудару орынды екенін мәлімдеді. Тиісінше, өзбекстандық Glasfit Energy компаниясы мен «Қазақстандық арматуралық-оқшаулағыш зауыты» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Оған сай, ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту, өндірістік кооперацияны кеңейту және Өзбекстан нарығына бағытталатын отандық өнімдердің көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Сонымен қатар кездесу қорытындысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық жұмыс тобын құру ұсынылды.

Форум аяқталғаннан кейін қазақстандық делегация өкілдері Zelal Textile тоқыма компаниясы, ARCA Mebel жиһаз орталығы, TEXNOPARK өнеркәсіптік кешені және CRAFERS кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты.

Еске салайық, жарты жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд доллардан асты.