Қазақстан мен Өзбекстан тату көрші болып қала береді - Қасым-Жомарт Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Өзбекстан  тату көрші болып қала береді -   Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Өзбекстан Президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі ел халықтарының тату көршілігі мен достығына негізделген стратегиялық серіктестік жалғаса беретініне сенім білдірді.

Екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның қазіргі қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны дамыту жолында ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.