Қазақстан мен Пәкістанның Қырғызстандағы елшілері екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселлерін талқылады

БІШКЕК. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Бақыт Оспановтың Бішкекте пәкістандық әріптесі Аткар Хаскелимен болған кездесуі Қазақстан мен Пәкістанның арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың келешегін талқылауға арналды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан Елшілігінің ақпараты бойынша, бүгін өткен кездесу кезінде қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы өз әріптесін Қазақстанның қол жеткізіп отырған жетістіктерімен және дағдарыс салдарының республика экономикасына әсерін азайту бағытында Үкімет қабылдап отырған шаралармен таныстырды. Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Пәкістанның екіжақты қарым-қатынасын дамытудың перспективасын, екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Соңғы жаңалықтар