Қазақстан мен Ресей арасында 10 жүрдек пойыздың қатынауы тоқтатылмайды
Еске сала кетейiк, бұның алдында «Федералдық жолаушылар компаниясы» ААҚ («Ресей темір жолдары» ААҚ еншілес кәсіпорны) 2014 жылғы 14 желтоқсаннан бастап бір жылға Украинаға, Қазақстанға, Әзербайжанға және Тәжікстанға пойыздарды тоқтататындығын хабарлаған болатын. Пойыздарды алып тастау туралы шешім 2014-2015 жылдарға арналған қозғалыс кестесіне түзету енгiзу барысында қабылданды және бұл бағыттар бойынша тасымалдардың төмен рентабельділігімен байланыстырылды.
"Бүгiнгi таңда Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында 16 пойыз қатынайды. Оның 10-ы "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ тиесiлi болса, 6 - «Ресей темір жолдары» ААҚ компаниясының пойыздары. 2014 жылы 14 желтоқсанда №325/326 «Новосiбiр-Алматы», №371/372 «Новокузнецк-Қарағанды» ОАО «РЖД», №301/302 «Алматы-Новосiбiр» бағытындағы пойыздардың қозғалысы тоқтатылады. «ҚТЖ» өз жұмысын кестеге сай жалғастыра бередi. "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ-на тиесiлi Ресейдегi 10 пойыздың бағыты тоқтатылмайды. Алайда кесте желісі қалады, яғни, қажеттігіне қарай пойыздар шығарылады", - деп атап өттi Ж. Байделдинов.