Қазақстан мен Ресей арасында темір жолдағы тасымал рәсіміне өзгерістер енгізіледі - Парламент

Хаттамаға сәйкес, аталған келісім ресейлік теміржолдың Озинки, Ақсарай ІІ, Құлынды, Золотая Сопка түйісу пункттерінен жүктерді тасымалдау кезінде қазақстандық теміржолда және қазақстандық теміржолдың Никельтау, Тобыл, Пресногорьков, Қызыл ту түйісу пункттерінен жүктерді тасымалдау кезінде ресейлік теміржолда төлемдерін төлеу тәртібін регламенттейтін баптар алынып тасталады.
Өйткені, 2009 жылы Қазақстан мен Ресей арасында аталған стансаларда орналасқан учаскелермен алмасу және тараптардың мемлекеттік шекарасының бөлуі орын алған болаты. Тұтастай алғанда, бұл өзгерістердің негізгі бағыты осы мәселеге байланысты болып табылады.
Жалпы алғанда заң жобасын қабылдау теріс экономикалық, әлеуметтік салдарға соқтырмайды.
Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.