11:21, 18 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуды қамтыған келісім қабылданды - Парламент
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қарулы күштері мүдделеріне әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады.
Аталған құжат Қазақстан мен Ресей қарулы күштері мүдделерінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды айқындайды.
Келісімнің мақсаты тараптар мемлекеттерінің қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру жөніндегі әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл ретте әскери мақсаттағы өнімді жеткізудің жеделдігін арттыру, мемлекеттер арасындағы ұйымдардың өндірістік, еңбек және зияткерлік әлеуетін сақтау қарастырылады.
Келісім 2009 жылы 11 қыркүйекте Орынборда жасалған.