Қазақстан мен Ресей әскерилері бірлескен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қатысатын «Орталық-2015» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.

Қазақстан мен Ресей әскерилері бірлескен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды (ФОТО)

Оқу-жаттығу «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының «Оймаша» және «Шығыс» полигондарында, сондай-ақ Орынбор облысының «Донгузский» полигонында өтеді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Қазақстан және Ресей Қарулы Күштері бөлімі мен бөлімшесінің сценарийі бойынша шартты қарсыластың шабуылын тойтара отырып, қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды бірлесіп орындайды.

Жалпы алғанда, жауынгерлерге бірнеше тактикалық эпизод беріледі. Басқару органдары мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, әскерлердің қайта топтасуы, арнайы әскери операцияны жүргізу және құрамдастырылған тәсілмен марш жасау.

Бүгін, 2015 жылдың 10 қыркүйегінде «Орталық-2015» командалық-штабтық оқу-жаттығуы қарсаңында таңсәріде оқу дабылы бойынша теңіз жаяу әскерінің бригадасы көтерілді. Белгі бойынша әскери қызметшілер берілген шоғырландыру аудандарына бөлімшелерді алмастыруды жүзеге асырды. Нәтижесінде теңіз жаяу әскерінің 1-ші батальоны, танкті батальон және қамтамасыз ету батальоны қалғандарына қарағанда тапсырманы үздік орындады.

«Орталық-2015» оқу-жаттығуын өткізу қыркүйектің 14-і мен 20-ы кезеңінде жоспарланғанын атап өтейік.