14:48, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Қазақстан мен Ресей Бас прокурорлары ТМД Атқарушы комитетінің грамотасымен марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей Бас прокурорлары ТМД Атқарушы комитетінің грамотасымен марапатталды. Грамотаны бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысында ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев табыс етті.

«Өз сөзімді аяқтай келе, сіздердің кеңестеріңіздің жұмысына жоғары баға беремін. Мен бірқатар хаттамалық қызметімді де атқара кетуді жөн көріп отырмын. Бұл сіздердің қызметтеріңізге берілген үлкен баға. Сонымен, мен ТМД Атқарушы комитеті атынан ТМД мемлекеттерінің қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға сіздердің кеңестеріңіздің басшылары зор еңбек сіңіргені үшін аранйы грамотамен марапаттамақпын», - деп атап өтті С.Лебедев. Осыдан кейін ол ТМД Атқарушы комитетінің құрмет грамотасын ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен РФ Бас прокуроры Юрий Чайкаға табыс етті.