Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» кешенін пайдалануда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді мақсат тұтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен қызмет шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы 2004 жылғы қаңтардың 9-ында «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойған.
Келісімде «Байқоңыр» ғарыш айлағының инфрақұрылымын жаңғыртудың және оның тарихи маңызы бар нысандарын сақтаудың маңыздылығы танылады. Қазақстандық және ресейлік мамандар мен ұйымдар бірлескен жобаларды іске асыруға бірдей шарттармен қатысатын болады.
Қазақстан мен Ресей Келісім шеңберінде зымыран-ғарыш қызметін жүзеге асыруға байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізу қажеттігін қарастырады.
Сонымен бірге Келісім «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін әзірлеуді және құруды көздейді.