Қазақстан мен Ресей Қарулы Күштерді қаржы-экономикалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар қаржылық қамтамасыз ету, банктік сүйемелдеу кезінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру, экономикалық талдау және болжам жасау, мемлекеттік мұқтаждық үшін сатып алуларды қаржылық сүйемелдеу, шығындарды жоспарлау мәселелерін талқыға салды. Одан басқа, сапар шеңберінде қазақстандық делегация Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Бірыңғай есептеу орталығына барды. Онда олар орталықтың құрылымымен, оның жұмыс жасау тәртібі және есеп-қисаптың жүзеге асырылуы, бірыңғай дерекқордың функционалдық мүмкіндіктерімен танысып қайтты. Сонымен қатар, РФ Қорғаныс министрлігінің бейінді (салалық) департаменттерінің басшылары қазақстандық делегацияға ресейлік әскери ведомствоның қаржы-экономикалық қызметінің негізгі бағыттары бойынша шолу ұсынды.