Қазақстан мен Ресей көмір ЖЭО салу жөнінде үкіметаралық келісім жасады

келісім
Фото: Энергетика министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Тараптар «ИНТЕР РАО — Экспорт» ЖШҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ атынан уәкілетті ұйымдарды анықтады.

«Үш облыс орталығында — Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді», — деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым «Самұрық-Энерго» АҚ атынан ағымдағы жылдың өзінде-ақ ЖЭО шоты бойынша бірінші іске асыруды бастау үшін тиісті жол картасын қалыптастырды.

Соңғы жаңалықтар