Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Мәскеуде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.

«Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен
іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты», - делінген министрлік мәліметінде.