Қазақстан мен Ресей парламентшілері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. ҚазАқпарат - Бүгін Санкт-Петербордағы Таврика сарайында РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі мен ҚР Парламенті Сенатының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның алтыншы отырысы өтті.
None
None

Шара барысында екі ел парламенттері жоғарғы палатасының өкілдері өнеркәсіптің инновациялық дамуы, ДСҰ-мен Кеден одағына мүше елдердің өзара іс-қимылына арналған мәселелерді, XI Шекаралас әріптестік жөніндегі өңіраралық ынтымақтастық және екіжақты іскерлік кеңес форумының нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық өзара іс-әрекеттерін нығайту мәселелері талқылады.

Бұдан басқа, алдағы жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары мен Комиссияның 7-ші отырысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар